HP ePrint қызметін пайдалану
HP ePrint құралын құжаттарды кез келген электрондық пошта қызметін қолдайтын құрылғыдан
электрондық хабардың қосымшасы ретінде өнімнің электрондық пошта мекенжайына жіберу арқылы
басып шығару үшін пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ:
HP ePrint қызметін пайдалану үшін, өнім сымды не сымсыз желіге қосылған және
Интернетке кіру мүмкіндігі бар болуы керек.
1.
HP ePrint қызметін пайдалану мүмкін болуы үшін, HP веб қызметтерін іске қосу керек.
а.
Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Веб-қызметтер түймешігін түртіңіз.
ә.
Веб-қызметтерді қосу
түймешігін түртіңіз.
2.
Өнімнің электрондық пошта мекенжайын басқару тақтасында көрсету үшін
HP веб-қызметтері
мәзіріндегі
Электрондық пошта мекенжайын көрсету
түймешігін түртіңіз.
3.
Қауіпсіздік параметрлерін анықтау және осы өнімге жіберілген барлық HP ePrint
тапсырмаларының әдепкі басып шығару параметрлерін реттеу үшін, HP ePrintCenter веб-торабын
пайдаланыңыз.
а.
www.hpeprintcenter.com
торабына өтіңіз.
ә.
Жүйеге кіру түймешігін басып, HP ePrintCenter есептік жазба мәліметтерін енгізіңіз немесе
жаңа есептік жазба жасаңыз.
б.
Тізімнен өніміңізді таңдаңыз немесе + Принтерді қосу түймешігін басып оны қосыңыз. Өнімді
қосу үшін, принтер коды қажет болады, мұндағы код — өнімнің электрондық пошта
мекенжайындағы @ белгісіне дейінгі бөлігі. Бұл кодты өнімнің басқару тақтасынан веб-
қызметтер бетін басып шығару арқылы алуға болады.
Өнімді қосқаннан кейін, өнімнің электрондық пошта мекенжайын қалауыңызша өзгерту
мүмкіндігі беріледі.
ЕСКЕРТПЕ:
Бұл код HP веб қызметтерін қосқаннан кейін тек 24 сағаттың ішінде жарамды
болады. Оның жарамдылық мерзімі аяқталғанда, HP веб қызметтерін қайтадан қосу үшін,
нұсқауларды орындаңыз.
в.
Принтерден керексіз құжаттар басылып шықпауы үшін, ePrint параметрлері түймешігін
басып, Рұқсат етілген жіберушілер қойындысын ашыңыз. Тек рұқсат етілген жіберушілер
түймешігін басып, ePrint басып шығару тапсырмаларын жіберуге болатын электронды
пошта мекенжайларын қосыңыз.
г.
Осы өнімге жіберілген барлық HP ePrint тапсырмалары үшін әдепкі параметрлерді орнату
үшін, ePrint параметрлері түймешігін басып, Басып шығару опциялары қосымша бетін
ашып, пайдаланылатын параметрлерді таңдаңыз.
4.
Құжатты басып шығару үшін, оны өнімнің электрондық пошта мекенжайына жіберілетін
электрондық хабарға тіркеңіз. Электрондық хат та, қосымша да басылып шығады.
50
3-тарау Басып шығару
KKWW