Қағаздың екі жағына автоматты түрде басып шығару (Mac OS X)
1.
Науалардың біріне басып шығару тапсырмасына жететіндей етіп қағаз салыңыз.
2.
Файл мәзіріндегі Басып шығару опциясын таңдаңыз.
3.
Принтер ашылмалы тізімінен осы өнімді таңдаңыз.
4.
Орналасуы ашылмалы элементін таңдаңыз.
5.
Two-Sided («Екі жақты») ашылмалы тізімінен байланыстыру опциясын таңдаңыз.
6.
Басып шығару түймешігін басыңыз.