EconoMode режимімен басып шығару
Бұл өнімде құжаттардың жобаларын басуға арналған Үнемдеу Режимі мүмкіндігі бар. Үнемдеу
режимін пайдалану тонерді азырақ қолдануы мүмкін. Алайда, Үнемдеу режимі баспа сапасын да
төмендетеді.
HP компаниясы EconoMode режимін үнемі пайдалануды ұсынбайды. EconoMode режимі үнемі
пайдаланған жағдайда, тонер картриджіндегі механикалық бөліктер тонер жабдығынан ерте тозуы
мүмкін. Баспа сапасы төмендей бастап, қанағаттанарлық болмаса, тонер картриджін ауыстырған жөн.
ЕСКЕРТПЕ:
Егер бұл опцияны принтер драйверінде қолдану мүмкін болмаса, оны HP енгізілген веб-
серверінің көмегімен орнатуға болады.
1.
Бағдарламалық құралда Print (Басып шығару) опциясын таңдаңыз.
2.
Өнімді таңдап, Сипаттар немесе Параметрлер түймешігін басыңыз.
3.
Қағаз/сапа жиекбелгісін басыңыз.
4.
EconoMode (Үнемдеу режимі) параметрі жанына құсбелгі қойыңыз.