
HP қағаз ерекшеліктеріне сай келетін қағазды пайдалану
Төмендегі ақаулықтар туындаса, басқа қағазды пайдаланыңыз:
●
Басып шығару тым ақшыл немесе кей жерлерде күңгірттеу көрінеді.
●
Басып шығарылған беттерде тонер дақтары бар.
●
Тонер басып шығарылған беттерде жайылған.
178 8-тарау Мәселелерді шешу
KKWW

●
Басып шығарылған таңбалар пішінсіз көрінеді.
●
Басып шығарылған беттер мыжылған.
Әрдайым осы өнім қолдайтын қағаз түрін және салмағын пайдаланыңыз. Қосымша ретінде, қағазды
таңдаған кезде осы нұсқауларды пайдаланыңыз:
●
Жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін қағаз сапасының жақсы екендігін және кесілмегенін, кертік
салынбағанын, жыртылмағанын, өте жұқа, шаң еместігін, мыжылмағанын, жарамсыз еместігін,
қапсырмалардың жоқтығын және шеттерінің мыжылып немесе бүктеліп қалмағанын тексеріңіз.
●
Бұрын басып шығарылмаған қағазды пайдаланыңыз.
●
Лазерлі принтерлерге арналған қағаздарды пайдаланыңыз. Тек сиялы принтерлерде
пайдалануға арналған қағазды пайдаланбаңыз.
●
Тым қатты қағазды пайдаланбаңыз. Жалпы жұмсақ қағазды пайдалану ең жақсы басып шығару
нәтижелерін береді.