HP LaserJet Pro 400 MFP M425 - Қағаз түрінің параметрін тексеру (Windows)

background image

Қағаз түрінің параметрін тексеру (Windows)

Төмендегі ақаулықтар туындаса, қағаз түрінің параметрін тексеріңіз:

Тонер басып шығарылған беттерде жайылады.

Қайталанатын таңбалар басып шығарылған беттерде көрінеді.

Басып шығарылған беттер мыжылған.

Тонер басып шығарылған беттерді бояйды.

Басып шығарылған беттерде кішкентай басылмаған аумақтар бар.

1.

Бағдарламалық құралда Print (Басып шығару) опциясын таңдаңыз.

2.

Өнімді таңдап, Сипаттар немесе Параметрлер түймешігін басыңыз.

3.

Қағаз/сапа жиекбелгісін басыңыз.

4.

Қағаз түрі ашылмалы тізімнен Қосымша... опциясын таңдаңыз.

5.

Түрі: опцияларының тізімін шығарып алыңыз.

6.

Қолданыстағы қағаз түрін тапқанша қағаз түрлерінің әрбір санатын шығарып алыңыз.

7.

Қолданыстағы қағаз түрінің параметрін таңдап, OK түймешігін басыңыз.