Басқару панеліндегі хабарлардың түрлері
Басқару панелінің хабарлары өнімнің ағымдағы күйін немесе араласуды қажет ететін жағдайларды
көрсетеді.
Сигналдық және ескерту хабарлары уақытша шығады және сізден тапсырманы қалпына келтіру үшін
OK
түймешігін басу арқылы немесе бас тарту үшін Cancel («Бас тарту») түймешігін басу арқылы
растауды талап етуі мүмкін. Белгілі бір ескертулер шыққанда, тапсырма бітпей қалуы мүмкін немесе
басып шығару сапасы төмендеуі мүмкін. Егер сигналдық немесе ескерту хабары басып шығаруға
қатысты болса, және автоматты жалғастыру функциясы қосылған болса, ескерту хабары 10 секундқа
шыққаннан кейін өнім басып шығару тапсырмасын растаусыз жалғастыруға әрекет жасайды.
Төтенше қателер туралы хабарлар ақаудың кейбір түрін көрсете алады. Қуат көзінен өшіру және қосу
мәселені анықтауы мүмкін. Егер төтенше қателер жойылмаса, өнімге жөндеу қажет етілуі мүмкін.