HP LaserJet Pro 400 MFP M425 - Қара картридж мөлшері өте аз

background image

Қара картридж мөлшері өте аз

Сипаттамасы

Тонер картриджі пайдалану мерзімінің соңына жақындады. Бұл өнімдегі пайдаланушы өзгерте алатын

опция — «Prompt to Remind Me in 100 pages, 200 pages, 300 pages, 400 pages, or never» (100 беттен, 200

беттен, 300 беттен, 400 беттен кейін есіме салу немесе ешқашан есіме салмау). Бұл опция

пайдаланушы ыңғайлылығы үшін қамтамасыз етілген және осы беттердің қанағаттандырарлық

сапамен басылып шығатынын білдірмейді.

Ұсынылатын әрекет

Оңтайлы басып шығару сапасын қамтамасыз ету үшін, HP компаниясы осы кезде тонер картриджін

ауыстыруға кеңес береді. Баспа сапасының төмендегені біліне бастағанша басып шығаруды

жалғастыра беруге болады. Картридждің қалған нақты қызмет көрсету мерзімі басқаша болуы мүмкін.

HP тонер картриджі өте төмен деңгейге жеткенде, HP компаниясының тонер картриджіне арналған

басты қорғау кепілдігінің мерзімі аяқталады. HP тонер картриджі өте төмен режимде үздіксіз

пайдаланылғанда орын алған барлық баспа ақаулары немесе картридж қателері HP баспа картриджі

кепілдігінің мәлімдемесі астында тонер картриджіндегі материалдардағы немесе өнімдегі ақаулар

болып танылмайды.