1-қадам: Құрылғының дұрыс реттелгенін тексеру
1.
Өнімді қосу үшін немесе қуатты автоматты түрде өшіру режимін ажырату үшін, қуат түймешігін
басыңыз.
2.
Электр қорек кабелінің қосылған жерлерін тексеріңіз.
3.
Желілік кернеу өнімнің қуат конфигурациясына сәйкес келетінін тексеріңіз. (Кернеу талаптарын
өнімнің артқы жағындағы жапсырмадан қараңыз.) Қуат жолағы мен оның кернеуі талаптарға сай
болмаса, өнімді тікелей қуат розеткасына жалғаңыз. Егер ол қуат розеткасына қосылып тұрған
болса, басқа розеткаға қосып көріңіз.
4.
Егер осы әрекеттердің бірде біреуі көмектеспесе, HP Пайдаланушыға қолдау көрсету қызметімен
байланысыңыз.