HP LaserJet Pro 400 MFP M425 - Сымсыз байланысты тексеру парағы

background image

Сымсыз байланысты тексеру парағы

Желі кабелі ажыратылғанын тексеріңіз.

Өнім және сымсыз маршрутизатор қосулы және қуаты бар екенін тексеріңіз. Сондай-ақ өнімдегі

сымсыз радио қосулы екенін тексеріңіз.

Қызмет орнату идентификаторы (SSID) дұрыс екенін тексеріңіз. SSID идентификаторын анықтау

үшін, конфигурациялау бетін басып шығарыңыз. Егер SSID дұрыс екеніне сенімсіз болсаңыз,

сымсыз орнатуды қайта іске қосыңыз.

Қауіпсіз желілер арқылы қауіпсіздік ақпараты дұрыс екенін тексеріңіз. Егер қауіпсіздік ақпараты

дұрыс болмаса, сымсыз орнатуды қайта іске қосыңыз.

Егер сымсыз желі дұрыс жұмыс істеп тұрса, сымсыз желідегі басқа компьютерлерге кіріп көріңіз.

Егер желіде Интернетке кіру мүмкіндігі болса, Интернетке сымсыз байланыс арқылы қосылып

көріңіз.

Шифрлау әдісі (AES or TKIP) өнімге және сымсыз кіру нүктесіне (желілерде WPA қауіпсіздігін

пайдаланады) бірдей екенін тексеріңіз.

Өнім сымсыз желінің ауқымында екенін тексеріңіз. Көптеген желілер үшін, өнім сымсыз кіру

нүктесінің (сымсыз маршрутизатор) 30 м асатын ауқымында болуы тиіс.

Кедергілер сымсыз сигналды бөгемей тұрғанын тексеріңіз. Кіру нүктесі мен өнімнің арасындағы

кез келген үлкен метал заттарды алып тастаңыз. Құрамында метал немесе бетон бар бағандар,

қабырғалар немесе қолдау бағандары өнім және сымсыз кіру нүктесін бөлмейтінін тексеріңіз.

Өнім сымсыз сигналға кедергі келтіруі мүмкін электрондық құрылғылардан қашықта

орналасқандығын тексеріңіз. Көптеген құрылғылар сымсыз сигналға кедергі келтіруі мүмкін,

оның ішінде моторлар, радиотелефондар, қауіпсіздік жүйесінің камералары, басқа сымсыз

желілер және кейбір Bluetooth құрылғылары бар.

Компьютерде принтер драйвері орнатылғанын тексеріңіз.

Дұрыс принтер портын таңдалғанын тексеріңіз.

Компьютер және өнім бірдей сымсыз желіге қосылғанын тексеріңіз.

Mac OS X жүйесі үшін сымсыз маршрутизатордың Bonjour желісін қолдайтындығын тексеріңіз.