
Электрондық поштаға сканерлеу проблемаларын шешу
Электрондық поштаға сканерлеу проблемалары орын алса, мына шешімдерді пайдаланыңыз:
●
Осы мүмкіндіктің орнатылғанын тексеріңіз. Егер бұл мүмкіндік орнатылмаса, оны орнату үшін
HP Device Toolbox (Windows) немесе Mac OS X жүйесіне арналған HP утилитасы бағдарламалық
құралындағы орнату шеберін пайдаланыңыз.
●
Электрондық поштаға сканерлеу мүмкіндігінің қосылғандығын тексеріңіз. Егер ол ажыратылған
болса, мүмкіндікті HP Device Toolbox (Windows) немесе Mac OS X жүйесіне арналған HP утилитасы
бағдарламалық құралы арқылы қосыңыз.
●
Өнімнің компьютерге немесе желіге қосылғанын тексеріңіз.