USB кабелімен жалғаған кезде, драйвер таңдалған соң, өнім «Басып шығару
және факс» немесе «Басып шығару және сканерлеу» тізімінде пайда
болмайды.
Бағдарламалық құралға қатысты ақаулықтарды түзету
1.
Mac амалдық жүйесінің Mac OS X 10.5 немесе одан кейінгі нұсқа екенін тексеріңіз.
2.
+ түймесін пайдаланып өнімді Print & Fax (Баспа және факс) (Mac OS X v10.7 жүйесінде Print &
Scan (Баспа және сканерлеу) тізіміне қосыңыз).
Аппараттық құралға қатысты ақаулықтарды түзету
1.
Өнімнің қосылғанын тексеріңіз.
2.
USB кабелінің дұрыс жалғанғанын тексеріңіз.
3.
Міндетті түрде тиісті жоғары жылдамдықты USB кабелін пайдаланыңыз.
4.
Тізбектен қуат алатын USB құрылғыларының тым көп болмауын тексеріңіз. Барлық
құрылғыларды тізбектен ажыратып, кабельді тікелей компьютердегі USB портына қосыңыз.
5.
Екіден артық қуатсыз USB хабтарының тізбекте бір қатармен қосылғанын тексеріңіз. Барлық
құрылғыларды тізбектен ажыратып, кабельді тікелей компьютердегі USB портына қосыңыз.
ЕСКЕРТПЕ:
iMac пернетақтасы қуатсыз USB хабы болып табылады.