Электрондық поштаға сканерлеу
Файлды электрондық пошта мекенжайына тікелей сканерлеу үшін, өнімнің басқару тақтасын
пайдаланыңыз. Сканерленген файл электрондық пошта хабарламасының тіркелгісі ретінде
мекенжайға жіберіледі.
ЕСКЕРТПЕ:
Бұл мүмкіндікті пайдалану үшін, өнім желіге қосылуы және сканерлеу мүмкіндігі
HP енгізілген веб-серверін пайдаланып реттелуі тиіс.
1.
Қағазды сканер әйнегіне немесе құжаттарды автоматты түрде беру құрылғысына салыңыз.
2.
Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда
Сканерлеу
түймешігін түртіңіз.
3.
Электрондық поштаға сканерлеу
элементін түртіңіз.
4.
Электрондық поштаға жіберу
элементін түртіңіз.
5.
Пайдаланылатын
Жіберуші
мекенжайын таңдаңыз. Сондай-ақ, бұл «шығыс электрондық пошта
профилі» ретінде белгілі.
ЕСКЕРТПЕ:
PIN мүмкіндігі орнатылған болса, PIN кодын енгізіп,
OK
түймешігін түртіңіз. Дегенмен,
бұл мүмкіндікті пайдалану үшін PIN коды қажет емес.
6.
Алушы
түймешігін түртіп, файл жіберілетін мекенжайды немесе топты таңдаңыз. Аяқтаған кезде
Done («Орындалды»)
түймешігін түртіңіз.
7.
Тақырып жолын қосу керек болса,
Тақырып
түймешігін түртіңіз.
8.
Келесі
түймешігін түртіңіз.
9.
Басқару тақтасы экранында сканерлеу параметрлері көрсетіледі.
●
Параметрлердің біреуін өзгерткіңіз келсе,
Параметрлер
түймешігін түртіп, параметрді
өзгертіңіз.
●
Егер параметрлер дұрыс болса, келесі қадамға өтіңіз.
10.
Сканерлеу тапсырмасын бастау үшін
Сканерлеу
түймешігін түртіңіз.
KKWW
Электрондық поштаға сканерлеу
73