
USB құрылғысына сканерлеу
1.
Қағазды сканер әйнегіне немесе құжат бергішіне салыңыз.
2.
Құрылғының алдыңғы жағындағы портына USB құрылғысын енгізіңіз.
3.
Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда
Сканерлеу
түймешігін түртіңіз.
4.
Scan to USB Drive («Сканерлеп, USB құрылғысына сақтау»)
экранын түртіңіз.
5.
Файлды сканерлеп, сақтау үшін
Сканерлеу
түймесін түртіңіз. Құрылғы USB құралында HPSCANS
атты қалта жасайды, сондай-ак автоматты жасалған файл атауын пайдаланып, файлды .PDF
немесе .JPG пішімінде сақтайды.
ЕСКЕРТПЕ:
Қысқа мазмұндама экраны ашылғанда параметрлерді реттеу үшін оны түртуге
болады.
Сондай-ақ, қалта атауын өзгертуге болады.
70
5-тарау Сканерлеу
KKWW

Желі қалтасына сканерлеу және электрондық поштаға
сканерлеу мүмкіндіктерін орнатыңыз
Бұл сканерлеу мүмкіндіктерін оларды реттеу үшін HP енгізілген веб-серверін пайдаланбайынша
қолдану мүмкін болмайды. Келесі нұсқауларда сканерлеу параметрлерін орнату сипатталады.
1.
Өнімнің басқару тақтасындағы басты экранда Желі
түймешігін басып өнімнің IP
мекенжайын табыңыз.
2.
HP енгізілген веб-серверін ашу үшін, веб-браузердің мекенжай жолына өнімнің IP мекенжайын
теріңіз.
ЕСКЕРТПЕ:
HP енгізілген веб-серверіне Windows жүйесіне арналған HP құрылғының құралдар
жинағынан немесе Mac OS X жүйесіне арналған HP утилитасынан өтуге де болады.
3.
Мүмкіндікті орнату үшін, Сканерлеу қойындысын басыңыз.
KKWW