Факстің кейін жіберілуін жоспарлау
Бір немесе бірнеше адамдарға алдағы уақытта автоматты түрде жіберілуі тиіс факсті жоспарлау үшін
өнімнің басқару панелін пайдаланыңыз. Бұл процедура біткеннен кейін, өнім құжатты жадына
сканерлейді, сонан соң Дайын жағдайына қайта оралады.
ЕСКЕРТПЕ:
Егер өнім факсті жоспарланған уақытта жібере алмаса, сәйкес мәлімет факс қатесі
есебінде көрсетіледі (егер сол опция қосылған болса) немесе факс жұмыстарын тіркеу журналына
жазылады. Факс жіберу шақыруына жауап болмағандықтан немесе бос емес сигналы нөмірді қайта
теру әрекеттерін тоқтатқандықтан берілім басталмауы мүмкін.
Егер факс алдағы уақытта жіберілетін етіп жоспарланса, бірақ оны жаңарту қажет болса, қосымша
мәліметті бөлек тапсырма ретінде жіберіңіз. Бір факс нөміріне бір мезгілде жіберілетін етіп
жоспарланған барлық факстер жеке факстер түрінде жіберіледі.
100 6-тарау Факс
KKWW
1.
Құжатты құжаттарды автоматты түрде беру
құрылғысына салыңыз.
2.
Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда
Факс
түймешігін түртіңіз.
3.
Факс мәзірі
түймешігін басыңыз.
4.
Send Options («Факс жіберу параметрлері»)
түймешігін
басыңыз.
5.
Send Fax Later («Факсті кейін жіберу»)
түймешігін басыңыз.
6.
Факс жіберілетін күн уақытын енгізу үшін пернетақтаны
пайдаланыңыз.
OK
түймешігін басыңыз.
7.
Факс жіберілетін күнді енгізу үшін пернетақтаны
пайдаланыңыз.
OK
түймешігін басыңыз.
8.
Факс нөмірін жазу үшін пернетақтаны пайдаланыңыз.
OK
түймешігін басыңыз. Өнім құжаттарды сканерлеп, оны
белгіленген уақытқа дейін жадта сақтайды.